MNU Бизнес мектебі Қазақстанның Денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығымен бірлесіп Денсаулық сақтау саласындағы Mini MBA бағдарламасын іске асырады.
«Қазақстанның Денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі – денсаулық сақтауды басқару саласына озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ денсаулық сақтау менеджерлерін оқыту және қайта даярлаумен айналысатын еліміздегі жалғыз ұлттық кәсіби ұйым.
Біздің мақсатымыз – денсаулық сақтау саласында көшбасшылық пен инновациялардың негізгі көзі болу және Қазақстандағы денсаулық сақтау менеджментін дамытуға үлес қосу.