Mini MBA in Government Relations (GR) бағдарламасы мемлекеттік және қоғамдық қатынастар саласында табысты мансап құруға қажетті тәжірибеге бағытталған білім мен құралдарды ұсынады.
Бағдарлама стратегиялық жоспарлау, реттеуші ортаны талдау және басқарушылық шешімдер қабылдау құзыреттерін дамытады.
Тыңдаушылар:
- заңнамалық және нормативтік бастамаларды мониторингтеу және талдауды;
- мемлекеттік шешімдердің ұйым қызметіне әсерін бағалауды;
- мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құруды;
- ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен жұмысты үйлестіруді;
- ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктер қалыптастыруды және дамытуды үйренеді.
Курс жеке және квазимемлекеттік сектор компанияларының басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге, сыртқы байланыстар, Government Relations (GR), корпоративтік коммуникациялар, Public Relations, ішкі коммуникациялар, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрақты даму жобалары бөлімдерінің басшылары мен мамандарына, сондай-ақ заңгерлерге, қаржыгерлерге, маркетологтарға, экологтарға, оқытушыларға, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары мен сарапшыларына және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған.